Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ғимаратында оқу-жаттығу жұмыстары

15.04.2025, 15:35 89

Басқарма «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалының ғимаратында аса қауіпті инфекция (тырысқақ) белгілері бар науқас анықталған жағдайда оқу-жаттығу сабағын ұйымдастыру және өткізу туралы хабарлайды

Сабақтың мақсаты: басқарманың аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі кешенді және жедел жоспарына сәйкес ошақты оқшаулау және жою (тырысқақ) бойынша мүдделі қызметтер мен ведомстволардың өзара іс-қимыл тәртібін пысықтау.

2025 жылғы 15 сәуірде 08 сағат 05 минутта Қызылорда қаласының санитариялық-карантиндік пунктінің маманына, әуежай медицина қызметкерлерінен аса қауіпті инфекцияларға күдіктіні анықтау туралы хабарлама келіп түсті (әлсіздік, жүрек айну, ауыздың құрғауы және диарея)жолаушыдын шағымдарымен.

Осыған байланысты Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жедел жоспар мен хабарландыру схемасына сәйкес барлық емдеу-профилактикалық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдары және т. б. ақпараттандырылды.

Ошақтағы аса қауіпті инфекциялар бойынша қажетті эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін пайданың барлық қалыптасуы уақтылы. Науқас әуежайдың медициналық мекемесіндеге изоляторға оқшауланған.Санитарлық-карантиндік бақылау маманы, инфекционист, обаға қарсы станса маманынан тұратын консультативтік топ науқасты клиникалық-эпидемиологиялық деректерге сүйене отырып тексеріп, алдын ала «Тырысқақ?» диагнозын қойды.

Зертханалық зерттеулерге материал алғаннан кейін жедел жәрдем бригадасы науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, науқаспен қарым қатынаста болған 7 адамда жұқпалы аурулар ауруханасының изоляторына жатқызылды. Ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ошақты оқшаулау бойынша тартылған барлық қызметтер мен құралымдар аса қауіпті инфекциялар туындаған жағдайда нақты өзара іс-қимыл мен дайындықты көрсетті.

Оқу-жаттығуға көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Қызылорда бөлімшелік басқармасының, Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, Қызылорда қаласының санитариялық-карантиндік бақылау, Қызылорда обаға қарсы станциясының, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, облыстық жедел жәрдем станциясының, Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда филиалының, полицияның желілік бөлімінің (ПЖБ) мамандары белсенді қатысты.

Барлығы 4 дана автокөлік тартылды. Оқу-жаттығуды ұйымдастыруға және өткізуге «Қорқыт Ата» әуежайының қызметкерлері тікелей көмек көрсетті.

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: