Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда 6 өңір Covid-19-дан қауіпті аймақта

04.01.2021, 18:00 450

HALYQLINE.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ақпаратына сәйкес, әлемде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай әлі де күрделі. 220 мемлекетте 84 млн адам КВИ жұқтырған, оның 1 млн 840-ы қайтыс болды, яғни науқастың 2,2% көз жұмды.

Салалық ведомство басшысының атап өтуінше, елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ диагнозы қойылған. Бүгінде пациенттердің 87%-ы індеттен жазылып шыққан, ал маусым-шілде айында айыққандар қатары 60%-дан аспайтын.

«Республика қаупі төмен, жасыл аймақта тұр. Жоғары қауіпті аймақта немесе қызыл аймақта Атырау облысы қалды. Сары аймақта немесе орташа қауіпті аймақта 6 өңір: Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары», – деді А.Цой.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: