Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан шенеуніктері оқшауланып жатыр, үкімет отырысы кейінге шегерілді

16.06.2020, 9:00 505

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін, бірқатар шенеуніктер оқшауланып жатыр, деп хабарлайды centralasian.org.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та оқшауланды. Аймақ әкімшілігінің баспасөз қызметі Сапарбаевтың індеттің бар-жоғын анықтайтын тест тапсырғанын, бірақ нәтижесі теріс болғанын мәлімдеді. Облыс әкімі жұмысын жалғастырып жатыр деп хабарлады.

12 маусымда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен елдің премьер-министрі Асқар Мамин барған. Онымен денсаулық сақтау министрі де еріп жүрген. Екі күн өткеннен кейін Біртанов өзінен коронавирус анықталғанын, инфекциялық ауруханаға жатқанын мәлімдеген. Осыдан кейін премьер-министрдің баспасөз хатшысы Маминнің өзіне карантин жариялағанын жеткізді.

15 маусым күні білім министрі Асхат Аймағамбетовтің де оқшауланғаны белгілі болды. Ол да үкімет мүшелерімен бірге Жамбыл облысына іссапарға барған.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі 16 маусымда өтуі тиіс үкімет отырысы 19 маусымға ауыстырылғанын хабарлады.

Маусым айының басында Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінен коронавирус анықталғанын әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Сонымен бірге мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан да COVID-19 вирусы анықталғаны белгілі болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: