HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында 30 жастағы науқас коронавирустан емделіп шықты. Бұл еліміздегі коронавирустан жазылып шыққан 1000-шы адам болып отыр.
Бұл жаңалықпен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бөлісті.
«Достар, жақсы жаңалықпен бөліскім келеді! Бүгін стационардан COVID-19 дертіне шалдыққан 1000-шы науқас емделіп шықты. Ол – Қызылорда облысында емделіп жатқан 30 жастағы адам. Ол Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 16 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан түскен. Оның жағдайы орташа болған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, құрғақ жөтел және әлсіздік білінді. Оның өкпесін рентгенге түсірген кезде сол жақ өкпесінің интерстициалды қабынуы болғаны анықталды. Оған «COVID-19 коронавирус инфекциясы, сол жақ өкпенің қабынуы, орташа ауыр деңгей» диагнозы қойылған. «Емдеу COVID-19-ды емдеу және диагностикалау протоколына сәйкес жүргізілді», – деп жазды Елжан Біртанов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дертінен емделіп шыққан адамның стационардан шығар кезде ешқандай шағымы болмаған. Дәрігерлер оған 21 күн үйде карантинде отыру керегін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!