HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен де сақтық шаралары мен жұқпалы дерттің алдын жұмыстары толастаған жоқ.
Аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев Қазалы ауданаралық ауруханасы мен теміржол ауруханасына арнайы барып, медициналық мекеменің дайындық жұмыстарымен танысты.
Дайындық жұмыстарын пысықтауға келген аудан әкімінің орынбасарына Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева мен «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-ның бас дәрігері, атқарушы директоры Сейілхан Артықбаев бүгінгі таңдағы аудандағы эпидемиологиялық ахуал жайында толық мәлімет беріп, атқарылған жұмыстармен таныстырды. Бүгінгі күні жергілікті ауруханаларда кемі екі айдың дәрілік заттары мен медициналық құрал-жабдықтардың қоры жеткілікті.
Мұнан соң Әліби Берікұлы аудан орталығындағы ең ірі дәріханалардың бірі орналасқан «Нұр.Мед.кз» медицина орталығына соғып, сатылымда бар дәрілік заттардың мөлшерін білді.
Жеке кәсіпкер Айнұр Тұрымбетованың айтуынша дәріханада ұзын сонар кезек болмаса да, сақтық шаралары әлі де қатаң бақылауда. Арақашықтықты сақтап, ішке үш адамнан артық кірігізілмейді. Сөрелерде елімізден бөлек, алыс-жақын шет елдерден жеткізілген емдік препараттар самсап тұр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!