Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қатаңдатылған карантин енгізіле ме?

26.01.2021, 11:45 514

HALYQLINE.KZ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің кеңейтілген отырысында 2021 жылдың соңына дейінгі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жасалған болжамды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Оның сөзінше, эпидемияның шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың адамға дейін вирус жұқтыруы, төсек-орын қорының сыйымдылығы 24 мыңға дейін жетуі ықтимал.

«Пессимистік сценарий бойынша күніне тіркелгендер 9 мыңға дейін жетуі мүмкін. Төсек сыйымдылығы 45 мың кереуетке жетеді. Шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін қатаңдатылған карантин енгізілуі мүмкін. Бірінші жартыжылдықта 2 миллион адамға жасалған вакцинация жұқтыру көрсеткішін 40 мың жағдайға дейін азайтуға көмек береді деп болжануда», – дейді Цой.

«Бұл мәселе бойынша тек Денсаулық сақтау министрі ғана емес, әкімдердің бәрі мына жайды ескеруі керек: жалпыға ортақ вакцинация – өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарды вакцинациядан өткізуде өте салмақты, ойластырылған, қыр-сыры ескерілген жоспар керек. Дүрбелең болмас үшін ол салада ескеретін өте көп нюанс бар. Вакцинация эпидемиологиялық ахуалды түзеуі керек. Алда жұмыс көп», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: