HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы арнаулы сессиясында осындай мәлімдеме жасады.
«ДДСҰ қоғамдық денсаулық сақтау жолындағы осы аса күрделі жаһандық күресте жетекші рөл атқарды. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрі және олардың денсаулық сақтау жүйелері ауыр жағдайды бастан өткерді және қиындық әлі де жалғасып жатыр. Коронавирустың жаңа әрі қауіпті штамдары әлем бойынша тез тарала бастағандықтан, алдағы апталарда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны айтарлықтай өседі. Жуырда Оңтүстік Африка ғалымдары анықтаған «Омикрон» штамы жаңа қауіп төндіріп отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!