Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірде 39 маманға көтермеақы беріледі

04.12.2020, 9:15 444

HALYQLINE.KZ

3 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, алдыңғы тәулікте өңір зертханаларында барлығы 1021 сынама алынып, 2 жағдай анықталды. Бұған қоса, инфекциялық стационарда – 15, ал реанимация бөлімінде 2 науқас ем алуда.

Аймақта 2021 жылдың бірінші тоқсанында індетке қарсы вакциналауды бастау жоспарлануда. 18 жастан асқан адамдарға салынады. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұған қоса, вакцинаны сақтайтын арнайы контейнерлердің саны нақтылануда.

– Өңірде өкпені жасанды желдету аппараты 76 болса, қазіргі таңда 244-ге жетті. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппараты алынды. Биыл медициналық ұйымдарға 99 жас маман жұмысқа кірді. Қалалық және аудандық ауруханаларға жіберілді. Алғаш рет 99 маманның 39-ына 500 АЕК көтермеақы беріледі, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Искаков.

Дереккөз:  өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: