HALYQLINE.KZ Бүгін облыс көлемінде «Covid-19» инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталды.
Облыстың бас дәрігері Пазилов Сабит Бексеитұлы алғашқылардың бірі болып №3 қалалық емханада «Covid-19» қарсы Ресейде өндірілген «Спутник V» екпесін салдырды.
Алдымен емхана дәрігерімен денсаулық жағдайы тексеріліп, эпидемиологиялық анамнезі жинақталды. Аталмыш вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімдер болмағандығы себепті екпе егілді.
Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, мамандар вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізіп өтті.
Айта кетейік, Қызылорда облысының халқына 80 000 доза вакцина салынады деп күтілуде. Бүгінде аймаққа 1000 доза вакцина жеткізіліп, №1, 3 және 6 қалалық емханаларда екпе жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике тартылып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!