HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет қайта екпе алу үшін №3 қалалық емхана барды. Ревакцинациялауда ол “CoronaVac” препаратын салдыртты.
Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасары ақпан айында аймақта алғашқылардың бірі болып «Спутник V» вакцинасын ектірген болатын. Жиырма бір күннен кейін екіншісі компанентін салдырды.
Инфекция мен вакцинациядан кейін иммунитеттің әлсіреуі деген табиғи процесс бар. COVID-19 – жұқпалы ауру, одан иммунитет қатты әлсірейді және ұзақ уақыт қалыптаспайды. Сондықтан дәрігерлер өзіңізді инфекциядан қорғау үшін ревакцинация жасау маңызды деп отыр. Қазір облыста 5421 тұрғын ревакцинациядан өткен.
Жалпы, облыста коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2021 жылдың 1 ақпанынан басталған вакцинациялаудың І компонентін алғандар саны 413 393 адамға жетсе, ІІ компонентті қабылдағандар 371 909 адамды құрап отыр. Ал Файзер вакцинасымен 11734 адам қабылдады. Оның ішінде жасөспірімдер мен аяғы ауыр келіншектер және бала емізетін аналарда бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!