Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімдігінің көмегімен перинаталдық орталық жабдықталды

18.12.2024, 18:35 22

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен облыстық перинаталдық орталыққа құны 19,5 млн теңгенi құрайтын анестезиялық-тыныс алу аппараты мен жалпы құны 55, 6 млн теңге тұратын үш операциялық шам сатып алынды. Бұл заманауи медициналық жабдықтар орталықта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, күрделі операцияларды жоғары деңгейде жүргізуге, ана мен бала өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, анестезиялық-тыныс алу аппараты операциялық және шұғыл көмек көрсету кезінде қауіпсіз және тиімді анестезия жасауға арналған. Аппараттың жоғары дәлдігі пациенттердің денсаулығын барынша қорғауға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, операциялық шамдар күрделі хирургиялық араласулар кезінде жарық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етiп, дәрігерлердің жұмыс сапасын жақсартумен қатар, ота жасау барысындағы қауіптерді азайтады. Және медициналық техникалар өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға, ана мен бала өмірін қорғау деңгейін жаңа сатыға көтеруге зор үлес қосады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: