Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Неонатологтар тәжірибе алмасты

15.08.2022, 15:00 332

HALYQLINE.KZ

Неонатальды көмекті қажет ететін науқас нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық құрылымының неонатолог дәрігері Талғат Толықбаев Қызылорда облыстық перинаталдық орталығына келіп, неонатолог дәрігерлермен кездесу өткізіп, тәжірибе алмасты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Жорабекұлы нәрестелер жансақтау бөлімшесін аралап, жұмыстарымен танысып, ауыр жағдайдағы сәбилердің жағдайларын талқылады.

Тәжірибе алмасу жоғары жиілікті осцилятор әдісімен тыныс алуды қолдау, балалардағы жедел бүйрек жетіспеушілігінде интенсивті емдеудің ерекшелігі, балаларда орталық венаны катетерлеу әдісін ультрадыбыстық бақылау, шоктар, респираторлы көмек тақырыбындағы дәрістерге жалғасты.

Экстремальды төмен және өте төмен салмақты нәрестелерді күтудің принциптері, ана сүтімен тамақтандыруды насихаттау және оны ұстану қағидаттары туралы да тарқатты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: