HALYQLINE.KZ Жаумен бетпе-бет келіп көрмеген адамның қолына қылыш берсең, ол жекпе-жекте қылышты олай да, бұлай да сермеп, өз аяғын шабады. Біліксіз емші де сол сияқты.
***
Егер тақуалықты сезінбесең, тақуаша киінбе, тақуаларға тіл тигізесің.
***
Біздің психологтар жан мен тәннен басқаны айтпайды, адамның ақпараттық әлемі қайда, жасаған күнәң, тілегің қайда, оны білмейді.
***
Мақсатым – қасиетімді көрсету емес, сол қасиетті адам игілігіне пайдалану.
***
Менің денеме ауыр темірдің жабысып тұру сыры – физикалық күш емес, рухани күште.
***
Мен өзімнің қасиетім туралы түсіндіріп бере алмаймын. Түсіндіремін деген ғалымдар болса, қуана келісемін.
Дүйсенбек Аяшұлының халық емшісі Нартай Тұрсанов
жайлы жазған «Тектен тін тартқан» кітабынан алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!