Өзбекстан Республикасында Қазақстанның медицина күндері өткiзiлдi.
Шара аясында елiмiздiң 200-ден астам медицина қызметкерi көрші мемлекетте халыққа ем шараларын жүргізiп, одан бөлек диагностикалық автобустар шалғай ауылдарда тұрғындардың денсаулығын тексердi.
Шара барысында "Қазақстан-Өзбекстан: денсаулық сақтау, технологиялар және кадрлар саласындағы ынтымақтастық" Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.
Аталған шара қорытындысында облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Искаков Олжас Ермекұлы мен Қарақалпақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Алдағы уақытта ынтымақтастық келiсiмi аясында екi жақты мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге аспақ.
Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы медициналық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді диагностикалық қызмет ұсынуға бағытталған бiр аптаға созылған шарада облыстық онкология орталығының бас дәрігері бастаған дәрігерлер қауымы, яғни сәулелі диагностика, ультрадыбыстық зерттеу дәрігері және өзге де бейiндi мамандар жылжымалы медициналық кешен арқылы жергілікті тұрғындарға медициналық кеңес берумен қатар қажетті диагностикалық көмек көрсеттi. Жылжымалы кешен заманауи диагностикалық құрылғылармен қамтылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!