479 медициналық ұйым әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 113 млрд теңге қарыз. Сонымен қатар 1 жылда 46 200-ден астам жалған медициналық қызмет көрсетілген, – деп хабарлайды halyqline.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеді.
- Мұндай заң бұзушылықтар үшін қызмет көрсету құнынан 3 есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Бұдан бөлек, енді медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізіледі, – деді Айдар Нұралиев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!