Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен кездесті.
Кездесуде медицинада, оның ішінде нейрохиургия саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Қызылорда облысында 25 төсек-орынға арналған нейрохиургиялық бөлімше тұрғындарға қызмет көрсетеді, 11 нейрохирург маман бар. Бір жылда 6 түрлі күрделі нейрохиургиялық ота тәжірибеге енгізілсе, биыл да осынша жаңашылдық жоспарлануда.
Соңғы үш жылда 4 аудандық, Байқоңыр қалалық ауруханасы, облыстық және қалалық көпбейінді ауруханалар 7 КТ аппаратымен қамтамасыз етілсе, көпбейінді облыстық ауруханаға 1 МРТ аппараты қойылды. Аймақ дәрігерлері 658 нейрохирургиялық ота жасаған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 нысан салу көзделген. Ұлттық жобамен 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 1 медициналық бекет пайдалануға берілді.
Биыл Арнаулы мемлекеттік қордан Шиелі, Арал, Жаңақорған, Қазалы көпбейінді аудандық аурухана ғимараттарына қосымша құрылыс салу үшін қаржы бөлу жоспарлануда.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Жалағаш ауданы Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, Қызылорда қаласында 2 медициналық нысан іске қосылды. Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік, Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсектік ауылдық аурухана қолданысқа берілді.
Облыс орталығында 300 орындық көпбейінді аурухана салынуда. Өткен жылдың шілде айында облыстық қан орталығы жаңа ғимаратқа орналасты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!