Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәслихат сессиясында медициналық қызмет көрсету мәселесі қаралды

27.03.2025, 15:15 134

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті 36-сессиясы өтті.
Сессия отырысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіне «Қалалық емханалар мен ауылдық елді мекендердегі емдеу ұйымдарының халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсетуі және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері туралы», «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы, «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы», «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» мәселелері шығарылып, талқыланды.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Абубакирова, қала әкімі аппаратының басшысы М.Тасқараев хабарлама жасады.
Сессия барысында медицина мәселесі бойынша мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, депутаттар М.Есжанов,М.Әбдіқалықов, А.Төлегенова, Р.Ысқақова, Н.Тұрғанбаев тарапынан мәселелер көтерілді.

Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау құрылымдары мен барлық стационарлар тұрғындарға тиісті кепілдендірілген медициналық қызметті көрсетуде.
Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен өңірдегі барлық елді мекендеріндегі денсаулық сақтау ұйымдарына 200 дана санитарлық автокөліктер алынып, оның 72 данасы қалада орналасқан медициналық ұйымдарға берілген. Осылайша, елді мекендерде санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

2025 жылы денсаулық сақтау ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 7,8 млрд. теңге бөлініп, оның 5,4 млрд. теңгесіне қалада орналасқан медициналық ұйымдарға медициналық техника сатып алу жоспарлануда.
Дегенмен, Қызылорда қаласы аумағындағы қалалық емханалар мен ауылдық елді мекендердегі емдеу ұйымдарының халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсетуде интернет жылдамдығын жақсарту, емдеу орындарының тарлық етуі, медициналық құрылғылардың жетіспеушілігі, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуін жақсарту мақсатында пәрменді шаралар қабылдау қажет етеді.

«Қызылорда қаласы аумағындағы қалалық емханалар мен ауылдық елді мекендердегі емдеу ұйымдарының халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсетуі және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету» мәселесін зерделеп, кезекті сессияға әзірлеу мақсатында қалалық мәслихатпен құрылған уақытша комиссия тиісті жұмыстар атқарды және қалалық мәслихат депутаттары өз сайлау округтеріндегі медицина мекемелерін 4 бағытта аралап, емханалар жұмысымен танысып, тұрғындардың және медицина мекеме басшыларының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сессия барысында уақытша комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаты Р.Ысқақова хабарлама жасап, медицина саласының жетістіктері мен өзекті мәселелерін жан-жақты зерделей келе қалалық мәслихат тарапынан ұсыныстар берді.
Атап айтқанда: КБИ тұрғын үй ауданындағы Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй аумағынан емхана филиалын ашу;

  • №6 емханаға қарасты «Бәйтерек» мөлтек ауданы тұрғындарының сұранысы бойынша сол аумақта емхана филиалы құрылысын жүргізу;
  • №1 емхана ғимаратының тарлық етуін ескере отырып, алдағы уақытта емхана жанынан қосымша құрылыс салу және автотұрақ салуды қарастыру;
  • №4 және №5 емханаларға жаңа ғимарат салу мүмкіндіктерін қарастыру;
  • Қызылжарма ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияны кеңейту немесе қосымша ғимарат салу;
    -№6 емханаға қарасты шет аймақтарда орналасқан филиал ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • денсаулық сақтау саласын цифрландыру мен ондағы жұмыстарды оңтайландыру, қала және елді-мекендердегі емдеу мекемелерін сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету сапалы ұйымдастыру, интернет әлсіздігі әсерінен жүйе қатып қалған жағдайда баламалы әдістер қарастыру;
  • мемлекеттік емханаларды кеңсе тауарларымен жеткілікті қамтамасыз ету;
  • дәрігерге алдын-ала тіркелу жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында емханалар қосымша ұялы байланыс желісін қосу мүмкіндіктері қарастыру;
  • Есепте тұрған науқастарды тегін кепілдірілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, оның ішінде жүйенің қатып қалуы кезінде қосымша баламалы әдістерін қарастыру ұсынылды.

Сессия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев, қала әкімі аппаратының басшысы М.Тасқараев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Абубакирова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облыстық филиалының директоры Ж.Абдусаметов, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Ғ.Байменова, қалаға қарасты мемлекеттік және жеке емханаларының бас дәрігерлері, құқық қорғау органдары, қалалық дербес бөлімдер мен құрылымдық мекеме басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қоғамдық ұйымдардың төрағалары қатысты.
Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: