Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

МӘМС: Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры тағайындалды

16.08.2024, 12:40 267

Басқарма төрағасының бұйрығымен Жақсылық Абдусаметов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.

Жақсылық Әбілқасымұлы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Жалпы еңбек өтілі 30 жылдай, оның ішінде 20 жылдан астам басшылық қызметте болған.

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары, кейін басқарма басшысы қызметін атқарды.

«Жақсылық Әбілқасымұлы, қазір Қорда және өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар көп. Өңірдегі мәселелерді жақсы білесіз. Өз тәжірибеңізді жұмысты сапалы деңгейге көтеруге жұмсайтыныңызға сенемін», – деді Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: