HALYQLINE.KZ –| Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған.
Елдегі эпидемия кезінде 17 адам вирустан айығып, бір адам қайтыс болған.
Мавританияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 13 наурызда тіркелген. Сол кезде елде шекара жабылып, жиналыс өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жұмысын тоқтатқан. Билік түнде комендант сағатын енгізген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!