Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус жұқтырғандар саны арта түсті

25.11.2022, 9:50 351

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда өткен тәулікте 139 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Сондай-ақ, 6 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Ведомствоның 25 қарашадағы мәліметі бойынша 854 адам коронавирус инфекциясынан (–706+ және 148 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

7 адамның жағдайы ауыр;

5 пациенттің жағдайы өте ауыр;

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше айдан бері алғаш рет бір тәулікте 100-ден аса қазақстандықтан коронавирус анықталған еді. 23 қарашада Қазақстанда 116 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қытайда коронавирус жұқтыру дерегі бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте елде 31 мыңнан астам адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Соңғы бір аптадан бері Өзбекстанда да коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан көбейіп жатыр. Бұл туралы өлкенің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 24 қарашада 98 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған.

Соңғы бір аптада 482 адам ауруханаға жатқызылса, 358 науқас жазылып шыққан. Бұдан бөлек 2 310 адам карантинге алынып, 1 306 адам карантиннан шығарылған.

«Соңғы 14 күнде Өзбекстанда вирустың жайылу көрсеткіші 2,0-ді құраған (ДДСҰ көрсеткіші бойынш 1,0 болса, ахуал тұрақты деп есептелінеді).

23 қарашаға қарағанда Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 245 665 адамға жетіп, олардың 243 234-ы (99,1%) жазылып шыққан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: