HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 260 болса, сауығып шыққандар саны – 216. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, -деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Жаңадан 5 дерек тіркелді. Оның екеуі – Қазалы ауданынан. Олар Атырау облысынан келген вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің арасынан анықталды. Ал үшеуі – Қызылорда қаласынан. Науқастардың барлығы індет жұқтырғандармен байланыста болған. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты, емдерін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған 3582 азамат анықталды. Оның ішінде, 1990-ы жақын қарым-қатынаста, 1592-сі жанама байланыста болған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!