Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус пандемиясы: қалыпты өмірге қашан ораламыз?

24.09.2021, 16:30 415

HALYQLINE.KZ

Қазақстандық ғалым Алмаз Шарман коронавирус пандемиясы қашан басылуы мүмкін екенін болжады. Оның пікірінше, дельта штамы вирустың соңғы агрессивті нұсқасы болуы ықтимал.

«Бұл соңғы агрессивті нұсқа және бұдан кейін пандемия басылуы керек деп болжаймын. Келесі жылы жазға қарай пандемия аяқталып, біз қалыпты өмірге қайта ораламыз деп үміттенемін», – деді Шарман.

Оның айтуынша, қазір ауру жұқтыру көрсеткіші бәсеңдеп жатыр. Алайда алдағы уақытта вирустың басқа да нұсқалары пайда болуы ықтимал.

«Бұл – вирустың қалыпты эволюциялық процесі. Вирус тіршілігін жалғастыру үшін түрленуге кіріседі. Сан сапаға ауыса бастағанда, жаңа штамдар пайда болуы мүмкін», – деді ғалым.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алмаз Шарман вакцинаны тестілеуден өткізу мерзіміне қатысты қауесеттерге жауап берген еді.

«Медициналық білімі бар, вакциналаудың не екенін түсінетін дәрігерлер пандемиядан сақтанудың жалғыз жолы вакцина екенін білуі керек. Вакцинаны тестілеуден өткізу мерзімін ешкім бекітпеген. Оған бес жыл, тіпті 20 жыл кетуі мүмкін…

Қазір біз коронавируспен биологиялық соғыс кезеңінде тұрмыз. Біз уақыт жоғалта алмаймыз. Оның үстіне вакцина жасау үшін қаржы бөлініп, ең ақылды адамдар тартылған. Қысқа мерзім ішіде жоғары сапалы апробация жүргізіліп, вакцинаның жоғары тиімділігі дәлелденді», – деді ғалым.

Дереккөз:  nur.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: