Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл маусымдық ағыммен ерекшеленетін табиғи ошақтық ауру. Аурудың өршуі мамырдан тамызға дейінгі кезеңде көп тіркеледі.
КҚГҚ – дене қызуының көтерілуімен интоксикациямен сипатталатын және клиникалық ауырлығы әртүрлі геморрагиялық (мұрыннан, асқазан-ішек жолдарынан, тері ішінен қан кету) және геморрагиялық емес синдромды табиғи ошақтық инфексиялық ауру,
Жұғу жолдары:
Кене шаққанда кенені жалаң қолмен езу, жануарларды сою, бөлшектеу кезінде, індетпен ауырған науқастың қанымен жанасу арқылы жұғады.
Клиникалық белгілері:
Дене қызуы көтеріледі, бас, буын және бел ауыруы, мұрын, тістен қан кету, денеде қан бөртпелері байқалады.
Алдын алу шаралары:
Серуендеу кезінде қолды және аяқты толық жабатын киім кию және әр 2-3 сағат сайын денені қарау. Кенелерді үркітетін аәрозольдерді қолдану. Кенені алу кезінде, мал сою кезінде қолғаптар мен басқа да қорғаныс құралдарын пайдалану. Денеде кенелерді байқаған кезде тез арада медициналық мекемеге жүгіну өте маңызды. Өз денсаулығымыз өз қолымызда өте абай болайық!
М.Бекпенбетова,
Абай ауылдық амбулоториясының мейіргері
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!