Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көпбейінді облыстық ауруханада ревматология бөлімшесі ашылды

31.03.2026, 8:50 41

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмас Әбiлпатта, көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері Жасұлан Баймаханов және медицина саласының ардагерлерi Тұрғанбай Маханұлы, Абдулла Шүленбаевтың қатысуымен көпбейінді облыстық ауруханасында 30 төсек-орынға арналған ревматология бөлімшесі ашылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Жаңа бөлімше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық профильді бөлімшелерді кеңейту бағдарламасы аясында іске қосылды. Облыс тұрғындарына сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсету, ревматологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау және тиімді ем жүргізу, сондай-ақ асқынулардың алдын алу мақсатында ашылған бөлiмде ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін енгізуге мүмкіндік берiп, нәтижесінде пациенттерге кешенді және үздіксіз медициналық көмек көрсету деңгейі артатын болады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылы Қызылорда облысында қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін ауруларымен 40 771 науқас тіркелген, оның ішінде 18 629 жаңа жағдай анықталған. Сонымен қатар, дәнекер тіннің жүйелі аурулары 642 жағдайды құрады.

Көпбейінді облыстық ауруханасында 2025 жылы 282 науқас стационарлық ем қабылдап, орташа ем қабылдау ұзақтығы 13,5 күнді құраса, қазіргі уақытта 44 адам жоспарлы госпитализацияны күтуде.

Осыған байланысты ревматология бөлімшесінің ашылуы – өңір халқы үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімді етіп, ауруларды ерте анықтау мен тиімді ем жүргізуге мол мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: