Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Калифорниялық қалқаншалы сымыр

17.03.2025, 10:35 70

Калифорниялық қалқаншалы сымыр –Quadraspidiotus perniciosus (Comst.) Калифорнийская щитовка.

Залалдайтын өсімдіктері: алма, алмұрт, шабдалы, өрік, шие, қараөрік, миндаль, қызыл шие, долана, алхоры, раушан, жұпаргүл, жке ағашы, тунг, мамыргүл, ива тал, терек, құлмақ, грек жаңғағы, ырғай, т.б. Өсімдіктің 84 тұқымдасынан барлығы 270-ке жуық түрі бар.

Зияндылығы: жеміс ағаштарының барлық үстіңгі бөлігін, сонымен қатар жемістерін залалдайды. Калифорниялық қалқаншалы сымырдың имагосы және дернәсілдері сабақтың өскінінің және жемісінің сөлін сорады, өсімдікті қорексіздендіреді. Өнімді жоғалту 43-тен 100 %-ке дейін болуы мүмкін.

Калифорниялық қалқаншалы сымырдың зияндылығы жоғары өсімталдығымен (дернәсілдері 50-ден 400-ге дейін), ұрпақтарының көп санымен (4-ке дейін және одан да жоғары), өсімдік түрлерін зақымдау көрінісінің кең ауқымымен, жоғары экологиялық икемділігімен айқындалады: ол ауа райы температурасының және ылғалдылықтың маңызды тербелісін көтере алуға бейім.

Қалқанша белгілі бір шоғырларымен сүңгектерде, бұтақтарда, жапырақтарда және жемістерде орналасады (бақтарда жою іс-шараларының болмағандығынан зиянкестің дәнжарнағының тұтас қабатының қалыңдығы кейде 3 мм жетеді), ағаштарды құнарсыздандырады, ағаш қабықтарының жарықшақтануына және қурауына, жапырақтардың мезгілсіз түсуіне, өсімнің кемуіне, қисаюына және шыбықтардың кебуіне, үгілуіне және жемістер пішінінің өзгеруіне әкеп соқтырады. Жемістерде және жас өркендерінің зақымданған жерлерінде өзіне тән дақтар пайда болады. Қатты зақымданған ағаштар қурап қалады.

Сымырмен қатты дәрежеде залалданған жемістің салмағы 14 г құрайды, ал залалданбағаны – 102 г.

Биологиясы.Калифорниялық қалқаншалы сымырдың аналығы тірідей туады, ең жоғарғы өсімталдылығы 135-138 дернәсіл. Дернәсілдердің үлкен аналыққа дейін өсіп жетілуі 50-60 күнде өтеді. Ересек аталықтары бірнеше сағат , аналықтары 2-2,5 ай өмір сүреді. Калифорниялық қалқанша сымырлар бұлынғыр жарықта жақсы өсіп жетіледі. Калифорниялық қалқаншалы сымырлар тобы ағаш қабығының қыртыстарында мекендеп қоныстанады (залалданған қабық жарылып дамуы тежеледі) осы жерде олар жағымсыз сыртқы факторлардан және химиялық өңдеу жұмыстарынан жасырынады. Калифорниялық қалқанша мекендеген жерлердің географиялық ендігіне байланысты әр келкі ұрпақ береді. Қазақстанда негізінен екі ұрпақ береді.

А. Аманкелдіұлы,

ҚР АШМ АӨК МИК

Қызылорда қалалық аумақтық

инспекциясының бас маман – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы                 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: