Қызылордалық кәсіпкер, Q-MED клиникасының директоры Раушан Базарбай төтенше жағдай кезінде игілігіндегі ғимаратты карантинге алынған науқастарға босатып беруге әзір.
«Абай көшесінің бойында біздің мекемеге қарасты емхана бар. Ол 15 наурыздан бері бос тұр. Емдеу орны медициналық талаптарға сәйкес келеді, онда 35 жатын орын бар. Әр палатада жуынуға арналған қосалқы бөлмелер орналасқан. Бұл орын тұзды шахтамен, өкпе ауруларына нағыз ем болатын, профилактикалық қызметі зор жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда одан өзге де қажетті құрал-жабдықтар бар. Осы емхананы қажет болған жағдайда карантиндік науқастарға беруге әзір екенімді жеткіземін», – дейді Раушан Базарбай.
Бұған дейін жергілікті кәсіпкерлер Қайрат Боранбаев пен Мұрат Сәрсенбаев ел басына түскен сынақты жеңілдету үшін осындай игі бастама көтеріп, көпке көмектесуге ынта білдірген еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!