Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
Covid-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;
Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну. Сондай-ақ, аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.
«Сары» аймақ – енгізілген карантиндік шаралар сақталады және олардың сақталуын бақылау күшейтіледі.
«Сары» аймаққа Алматы қаласы өтті;
«Қызыл» аймақта: ешбір өңір жоқ;
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!