Көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлының төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылдың I жартыжылдығын қорытындылау бойынша алқа мәжілісі өтті.
Алқа мәжілісіне қатысушыларға күн тәртібіндегi қаралатын мәселелер мен сала бойынша атқарылуы тиiс жоспарларды таныстырған Олжас Ермекұлы алдымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылдың 6 айын қорытындылау негізгі индикаторлық көрсеткіштеріне тоқталды. Медицина ұйымдарының рейтингісі және жыл соңына дейін алға қойған міндеттері туралы, сондай-ақ облыс көлеміндегi ағымдағы жылдың II тоқсанындағы босандыру саласы мен балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру бойынша айтты. Атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер бойынша баяндама тыңдалды.
Кездесу қорытындысында сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, халық денсаулығын жақсарту – басты мiндет екендiгін атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!