HALYQLINE.KZ Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев өз отбасының атынан Ана мен Бала орталығына екі кислородтық концентратор сыйға тартты.
Аталмыш орталықта індеттің таралуына байланысты кейбір медициналық құрылғылардың аздығын ескере отырып, Айдын Бөкенбайұлы отбасымен бірге өздерінің халқы үшін жанашыр екендерін көрсетіп, екі «АРМЕД» кислородтық концентраторын табыс етті.
Елімізде індет таралғаннан бастап, қаламыздың жомарт жандары тысқары қалмай өз көмектерін аяп қалмауда.
Сіздердің осынау игі бастамаларыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!