Тамақтан кейінгі ауырлық, оң жақ бүйірдегі ауырсыну, әлсіздік, ентігу, шамадан тыс тершеңдік, терінің сарғылт түске енуі, жүрек айну – бұл бауырдың дұрыс жұмыс істемей тұрғанының белгісі!
Бауыр – тек токсиндерді шығарушы ғана емес, сонымен қатар май алмасуына, өттің бөлінуіне, метаболизмге жауапты маңызды орган. Оны үнемі тазартып, қолдау қажет, әйтпесе бауыр аурулары дамуы мүмкін. Бақытымызға орай, бауыр – қайта қалпына келетін жалғыз орган, сондықтан оған көмектесуіміз керек!
БАУЫРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАУҒА БОЛАДЫ?
Төмендегі дәрілік өсімдіктер бауырдың саулығын сақтауға көмектеседі.
✅ Жусан.
Жусанның ащы дәмі гепатитке және өт қабының қабынуына (холециститке) жақсы әсер етеді!
2 шай қасық кептірілген жусанды 1,5 стақан қайнаған суға салып тұндырыңыз.
Күніне 3 рет, тамақтан 1,5 сағат бұрын ішіңіз.
Емдеу курсы – 2-3 апта.
✅ Жалбыз (мята)
Жалбыз уыттарды шығарып, өттің бөлінуін жақсартады.
5 г жалбыз жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, 15 минут тұндырыңыз.
Әр 3 сағат сайын 1 ас қасықтан ішіңіз.
✅ Календула (сарыгүл)
Календула бауырдың зат алмасуын жылдамдатады.
2 шай қасық кептірілген гүлді 2 стақан қайнаған суға салып, 1 сағат тұндырыңыз.
Күніне 4 рет, жарты стақаннан ішіңіз.
✅ Ромашка (түймедақ)
Түймедақ спазмды басып, ауырсынуды жеңілдетеді.
1 ас қасық түймедақты 1 стақан қайнаған суға салып, 20 минут тұндырыңыз.
Таңертең және кешке жарты стақаннан ішіңіз.
✅ Зверобой (шайқурай)
Шайқурай қабынуды басады және жүйкені тыныштандырады.
1 ас қасық шайқурайды 1 стақан қайнаған суға салып, 15 минут қайнатыңыз.
20 минут тұндырып, күніне 3 рет ішіңіз.
ТАҒЫ БІР ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС!
Жоғарыдағы шөптерді жеке қолдануға да, жинақтап ішуге де болады. Мұндай шөптік жинақ бауырды кешенді түрде қолдап, әсерін күшейтеді!
Антибиотик қабылдағаннан кейін міндетті түрде шөп шайларын ішу ұсынылады, өйткені олар бауырды токсиндерден тазартуға көмектеседі. Сондай-ақ, мейрамнан кейін бауырға көп салмақ түсетіндіктен, осы рецептерді қолдану өте пайдалы!
Достарыңызбен бөлісіңіз – олар да білуі керек!
Біздің топқа тіркелуді ұмытпаңыз!
Жарас ҚАСЫМ.
(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!).
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!