Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дүниенің үздік дәрілері

16.01.2021, 10:00 659

HALYQLINE.KZ

ТҰМАУҒА

1. Ибупрон – ауруды қатты басатын әрі тез әсер ететін дәрі. Көпіршік таблетке түрі асқазанды жайландырса, шам секілді түрі балаларға қолайлы.

2. Колдрекс – қан жолдарын кеңітетін керемет препарат. Тез әсер етеді. Ыстық суда ерітіп алады.

3. Назол – тұмаудан құтқарып қана қоймай, мұрынның былжыр қабығын кеуіп кетуден сақтайды. 12 сағатқа әсері бар.

4. Нурофен – жедел жәрдем, жылдам көмектеседі. Балаларға арналған шам түрі бар. Алайда қан құрамының қасиетін төмендетеді.

5. Парацетамол (панадол, эффералган) – қызуды басатын тамаша дәрі. Демікпесі бар жандардың қолынан түспейді.

6. Полиоксидоний – иммунды жүйені ынталандырады. Көбіне балалар қолданысында. Төтенше сәтте қажеттілікті өтейді және вирус инфекциясының алдында алуда қолданылады.

7. Рибомунил – иммунитетті қалыпқа келтіреді, балаларға ең тиімді дәрі ретінде ұсынылады.

8. Санорин – аллергияға қарсы құрамы бар тез әсер ететін тұмау дәрісі.

9. Флукол-Б – арзан әрі тиімді препарат, бірақ, құрамында 8% алкоголь болады. Жүргізушілерге шектеледі.

БАУЫРҒА

1. Антраль – сапалы препарат, әлемдегі бірегей өнім, бауыр клеткасын кез келген микроб басқыншылығынан сақтайды.

2. Галстена – тамызық, кішкентай балаларға арналған таптырмас дәрмек.

3. Лиолив – бауырды сарыаурудан сақтайды (төмендетілген билирубин).

4. Липоферон – ауыз арқылы қолданылатын препарат, инъекционді интерферондардан 5 есе арзан!

5. Оротат калия – бауыр жұмысын жақсартады, ақуыз жинақтайды, зат алмасу процесін жоғарылатады.

6. Силимарин-гексал – өсімдік препараты. Әсер ететін зат құрамы ұқсас түрдегі дәрілерден көп (карсиль, силибор, гепабен).

7. Холензим – өт айдайтын арзан дәрі, тамақ қорытуға көмектеседі, ұйытқы бөлінуін жақсартады (фермент).

8. Холивер – өт айдайтын өсімдік түптегі дәрмек.

9. Хепель – қосалқы әсері жоқ гомеопаттық неміс дәрісі.

10. Эссенциале – бауырды емдеуде пәрменді әсер ететін соңғы 20 жылдықтың дәрісі.

АСҚАЗАНҒА

1. Альтан – өсімдік дәрмегі, жара ауру түрлерінде танымал.

2. Ацидин-пепсин – асқазандағы қышқылдықты өсіреді.

3. Гастритол – тамызық түріндегі өсімдік дәрісі, балаларға жақсы әсер етеді.

4. Мотилиум – асқазанның ас жүру жолын реттестіреді.

5. Облепиховое масло – асқазандағы қызару процесін төмендетеді.

6. Париет – асқазандағы қышқылдықты төмендетін соңғы жылдардың үздік дәрісі.

7. Пилобакт – хеликобактерге қарсы жаңа өнім.

8. Ренорм – іш қызуын бірден басатын фитоконцентрат, ас қорытуды реттейді.

9. Риабал – асқазандағы түйілуді жақсартады, балаларға бекітеді. Тамызық түрінде де, тамшы түрінде де кездеседі.

10. Фосфалюгель – іш қыжылын кетіреді, аналогтарымен салыстырғанда уыты аз.

КӨЗГЕ

1. Зовиракс – көз жақпа майы, көз бен қабақ арасындағы мөлдір ауруды болдырмайды.

2. Квинакс – шел түскенде қолданылатын үздік профилактикалық өнім.

3. Корнерегель – гель, көз шыны айнасындағы мөлдір қабықты қалыпқа келтіреді.

4. Ксалаком – ксалатан мен тималол секілді препараттардың жиынтығы. Әрекет күші белсенді.

5. Ксалатан (траватан) – су қараңғылықта тиімді, бір күнде бір-ақ рет тамызылады.

6. Систейн – жасанды қабыршақ, артықшылығы – тәулігіне бір рет тамызса да бола береді.

7. Униклофен – ісіп қызаруға қарсы тамшы түрдегі нестериодты ең жақсы өнім.

8. Флоксал – тамшылар, антибиотик, микроағзаның аумақты спектрінде әсер етеді.

9. Флоксаловая мазь – көздің шырықты қабығын бактерия басқанда көмектеседі.

10. Циклоксан – тамшы түріндегі қуатты антибиотик, түрі бактерия ауруы түрлерінен сақтайды.

ҚҰЛАҚҚА

1. Амоксицилин – антибиотик, ауру түрін тудыратын белгілерге қарсы.

2. Клавициллин-амоксициллин клавуланды қышқыл – микроағзаның сезімтал амоксицилиндерінен бөлек те, бактерияның бірнеше түріне белсенді әсер етеді.

3. Отофа – құлақ тамызықтары, құлақтың орта бөлігінің ісіп қызаруына қарсы қолданылатын антибиотик.

4. Отипакс – ісіп қызарудың алдын алатын және ауруды басатын біріктірілген препарат.

5. Нимесулид – біруақытта ауыртпайтын, ісіп қызарудың алдын алатын және қызуды басатын қасиеті бар.

6. Нокспрей – мұрын қуысындағы шырышты қабықтың құрғауына алып келеді, евстахий түтігінің (орта құлақты мұрын-тамақ жолымен ұштастыратын түтік) домбығуын, ісінуін бәсеңдетеді.

7. Ципрофлоксацин – құлақтың қабынуына қарсы өнім.

8. Цефаклор, цефиксим, цефподоксим, цефпрозил, цефуроксим – екінші және үшінші заман ағыстың цефалоспориндері. Ампициллин әсер етпеген жағдайда қолданылады.

9. Эдас-125 тонзиллин – гомеопаттық тамызықтар капли, 2 жастағы балаларға бекітіледі.

10. Эритромицин – пенициллин түрлеріне аллергиясы бар жандарға арналған препарат.

ЖҮЙКЕГЕ

1. Венлаксор – қосалқы әсері жоқ антидепрессант, ауыр депрессия жағдайынан тез шығарады.

2. Бусперон – қорқыныштың алдын алуға бағытталған қуатты дәрі, тыйылу эффектісін жоққа шығарады. Жүргізушілерге және студенттерге емтихан алдында қолдануға болады.

3. Гидазепам – жұмсақ ұйқы дәрісі. Бір тұтынған соң, араға ай салып барып ішу қажет.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: