Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Даңғаза жасаудың қажеті жоқ»: Тоқаев метапневмовирус туралы пікір білдірді

06.01.2025, 15:00 119

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды.

«Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді. Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Жатақхана құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: