Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

COVID-19: Жансақтау бөлімінде 4 науқас бар

22.05.2020, 11:20 642

HALYQLINE.KZ Неден қорқуға болады? – деп хабарлайды Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметі

НЕГЕ НАЗАР АУДАРУЫМЫЗ КЕРЕК?

1. Соңғы екі тәулікте 19 науқас тіркелді;

2. 15 науқас бұрынғы ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар;

3. 4 науқас жаңа жағдай? Олар өзге шағымдарымен қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен барғандар. Тексеру барысында корнонавирус анықталып отыр.

4. Дәл қазір 4 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның 3-еуі – зейнеткер.

5. Осы уақытқа дейін біздің облысымызда «ЖАНСАҚТАУ» бөліміне түскендер болмаған.

КОРОНАВИРУС КІМДЕРГЕ ҚАУІПТІ?

1. Зейнет жасындағыларға; жүкті әйелдерге; созылмалы аурулары барларға; балаларға.

2. Өңірімізде 3695 адам науқастармен қарам-қатынаста болған деп тіркеліп отыр. Сондықтан осы адамдардың арасынан да «науқас шығуы мүмкін» деп болжауға болады.

НЕДЕН ҚОРҚУҒА БОЛАДЫ?

1. Жаңа жағдайлардың тіркелуінен қорқуға болады. Себебі, жаңа жағдайдың тіркелуі, жаңа инфекция ошақтарының тіркелуіне әкеледі және таралу аймағын ұлғайтады.

ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

1. Зейнеткерлерге, балаларымызға, бұрыннан созылмалы аурулары бар азаматтарымызға, жүкті аналарымызға сақтық шараларын қатаң сақтауға;

2. Көшеге (базарларға, көпшілік орындарға баруды барынша шектеуді) шығуды азайтуды;

3. Бетперде тағып жүруді әдетке айналдыруды;

4. Ең болмағанда кір сабынмен қолыңызды әлсін-әлсін жуып отыруды;

5. Өз-өзіңді және жақындарыңызды сақтанып жүруге шақыруды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: