HALYQLINE.KZ –| 03.05.2020 жылы, сағат 10:20 уақыты бойынша өңірімізде «Covid-19» вирусын жұқтырғандар қатары 214-ке жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Соңғы тәулікте 5 жағдай анықталған болатын. Оның 4-еуі – Қызылорда қаласынан, 1-еуі Жаңақорған ауданынан тіркеліп отыр.
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 214 дерегі тіркеліп отыр. (Қызылорда қаласында – 77 жағдай, Жаңақорған ауданы – 31, Арал ауданы – 6, Сырдария ауданы – 26, Қармақшы ауданы – 5, Шиелі ауданы – 66, Қазалы ауданы – 3). Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!