HALYQLINE.KZ –| Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Кей дамыған елдер хал-қадірінше вакцина шығарып, оны сынамадан өткізуде.
– Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі Қазақстанның Исламабадтағы Елшілігіне коронавирус індетін емдеу кезінде пайдаланылатын гидроксихлорохиннің 60 мың таблеткасын табыстады. Дәрі-дәрмектер жуық арада Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі және медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС-ке табысталады, – делінген ресми парақшада.
Дәрі-дәрмектер жуық арада Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі және медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС-ке табысталады.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бауырлас Пәкістан халқы мен үкіметіне достық ниеті мен ишараты үшін алғыс білдіреді және бұл елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухына сәйкес келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!