Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цой: Инфекцияның таралуында қол гигиенасы ерекше рөл атқарады

28.07.2020, 12:50 599

HALYQLINE.KZ 5 шілдеде қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен бастап 3 апта ішінде 35 951 жаңа КВИ-мен ауыру тіркелді. Жалпы, тіркелген жағдайлардың 29%-ға төмендеуі байқалып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі жиында айтылды.

«COVID-19-бен ауыру жағдайы орта есеппен тәулігіне 1600 адам деңгейінде тұрақтанды. Сондай-ақ, кереуеттердің бос болмауы 43%-ға, оның ішінде 27%-ға төмендеуі байқалады. Сауығып кеткендердің саны 63%-ға дейін өсті. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізілді», – деді А. Цой. 

Карантиндік шараларды жеңілдетудің әзірленген критерийлеріне сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтік көрсеткішін (бір науқас оқшауланғанға дейін ауруды жұқтыратын адамдар саны) және КВИ емдеу үшін инфекциялық стационарлардың төсек-орын қорының қамтылу пайызын қадағалайды.

Осылайша, 3 аптада карантин нәтижесінде келесілерге қол жеткізілді. Инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 1,2%-дан 0,99%-ға дейін төмендеді. Және төсек-орындардың қамтылу пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеді.

Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген оң серпіні карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жұмсарту мүмкіндігі бар екенін көрсетіп отыр. 

«COVID-19-дан сырқаттанушылық пен өлім-жітім жағдайын одан әрі тұрақтандыру экономиканың барлық секторларының үйлесімді жұмысына және тартылуына байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда: қабылданатын тұрақтандыру шараларының тиімділігі тек қана 30%-ға медициналық көмек пен эпидемиологиялық іс-шаралардың сапасына байланысты», – деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар, қалған 70%-ы жиынтығында маска режимі мен гигиенаны сақтауға (30%), сондай-ақ әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтауға (40%) байланысты. 

Министр атап өткендей, бүгін барлық қазақстандық қоғамға коронавирус емес, қауіпсіздік пен салауатты әдеттер «жұқпалы» болуы үшін барлық шараларды қабылдау қажет.

«Ол үшін ең алдымен маска режимі мен гигиенаны одан әрі сақтауды қамтамасыз ету қажет. Үйден тыс жерлерде маскаларды кию инфекцияның берілуін 30%-ға қысқартады. Инфекцияның таралуында қол гигиенасы ерекше рөл атқарады», – деді А.Цой.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: