Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл жіті ішек инфекциясына қатысты 349 жағдай тіркелген

14.06.2024, 11:20 118

HALYQLINE.KZ

Жіті ішек инфекциясы жеке және қоғамдық гигиена ережелерін, тез бұзылатын өнімдерді пайдалану мерзімдерін сақтамау себептерінен пайда болады. Бұл инфекция, әсіресе жаз айларында өрши түседі. Тиісінше өңірде биыл жіті ішек инфекциясына қатысты 349 жағдай тіркелген. Бұл 2023 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,1%-ға төмендегенін көрсетеді. Осыған орай, Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Ұзақбаев пен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айгүл Сағымбаева тың деректерімен бөлісті.

– Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарымен жүргізілген эпидемиологиялық тексеру қорытындысымен аурудың басты таралу себептерінде үй жағдайында дайындау технологиясы бұзылған немесе дұрыс сақталмаған тағамдарды тұтыну, сүт өнімдері, мерзімінен ерте піскен жеміс-жидектер, сусындар, қайнамаған су және бала күтімінің нашарлығы салдарынан болған, – деді Ерлан Амантайұлы.

Маусым айынан бастап базар сөрелерінде қарбыз-қауындардың шыға бастайтынын байқаймыз. Алайда дәл осы уақытта өнімдер өте қауіпті болады. Себебі гербицид, пестицидтердің мөлшерден тыс болуы мүмкін. Бұл жағдайда жеке бас гигиенасын сақтап, қолды жиі сабындап жуу, қайнатылған немесе тазартылған, бөтелкедегі суды пайдалану, жеміс-жидектерді міндетті түрде мұқият жуып жеу, ерте піскен бақша өнімдерін тұтынуды мейлінше шектей тұру, субұрқақтарға шомылмау сияқты сақтық шаралары аурудың алдын алуға ықпал етеді дейді мамандар.

– БДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзінде 1-1,2 млрд-қа дейін диареялық ауру тіркеледі. 5 млн-ға жуық бала жыл сайын ішек инфекцияларынан және олардың асқынуларынан көз жұмады. Аурудың алғашқы белгілері: іштің жиі өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, бас ауру, селқостық. Бұл аталған белгілер байқалса, көп уақыт созбай дәрігерге көрінген абзал, – деді Айгүл Раушанбекқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: