Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл облыста “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында 310 квота бөлінді

19.11.2025, 0:25 90

Елімізде 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Аңсаған сәби” арнаулы бағдарламасы іске қосылды. Арнаулы жоба қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдеседі. Биыл облыста аталған бағдарлама бойынша мұқтаж отбасыларға 310 квота бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова мәлімдеді.

  • “Аңсаған сәби” арнайы бағдарламасы бойынша 2015 жылдан бастап биылға дейін берілген квотаның саны 8 есеге өскен. Өткен жылы бөлінген 270 квота толық игеріліп, экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 92 бала өмірге келсе, қазіргі таңда 51 әйел жүкті. Ал биыл облысқа 310 квота бөлінсе, оның 285-іне жолдама беріліп, орындалу үлесі 91,9 пайызды құрап отыр. Бүгінгі күні 455 отбасы квота кезегін күтуде. Кезекте тұрған отбасылардың барлығы өңірлік комиссия арқылы қаралып, қолданыстағы бұйрықтарға сәйкес жолданады,- деді Мая Миранбайқызы. @Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: