Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас санитар: елімізде эпидемиолог мамандар жоқ

23.04.2020, 10:52 543

HALYQLINE.KZ –|   Қазақстанда адамдардың коронавирус инфекциясын қайдан жұқтырғанын анықтайтын эпидемиолог-мамандар жетіспей жатыр. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова осылай деді.

— Бүгінгі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 250 мыңға жуық медициналық қызметкер бар. Оның 72 мыңы — дәрігер болса, 177 мыңы — орта медициналық персоналдағы мамандар. Барлық медициналық ұйымдағы эпидемиологтар саны – 8 755. Санитарлық-эпидемологиялық профильде де 2500-ге жуық маман бар. Егер нақты коронавирусқа қатысты жағдайды баян етсек, бүгінгі күні коронавируспен ауырғандарды емдеуге 16 мың медициналық қызметкер жұмылдырылған. Одан бөлек, әр аумақта 1-20 пайызға дейін кадрлық резерв жасақталған. Бұл бағытта медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі жоқтығын хабарлағым келеді. Десе де, эпидемиологтар әлі де тапшы. Нақтырақ айтқанда, коронавирус инфекциясын адамдардың қайдан жұқтырып алғанын анықтайтын эпидемиолог-мамандар жетіспей жатыр. Бұл ретте 800 маманның дефициті барын айтуға болады, — деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің айтуынша, денсаулық сақтау саласында Қазақстанда 4 мыңға жуық дәрігер жетіспейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: