Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас ауруын дәрісіз емдеудің 8 тәсілі

15.01.2022, 17:00 306

HALYQLINE.KZ

Бас ауруының түрлі себептері бар:

Қатты ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьютердің алдында ұзақ отыру, т.б. Ондай кездері дәріге жүгінбей-ақ, табиғи жолмен бас ауруынан қалай айығуға болады?

Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

1. Басыңыз ауырғанын сезсеңіз, дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз;

2. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз;

3. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз;

4. Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз;

5. Зімбірден (имбирь) дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз;

6. Таңертең басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеп алыңыз;

7. Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады;

8. Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: