Бұл туралы ұлы Жарас Ормантай әлеуметтік желіде хабарлады.
Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камал Ормантаев дүниеден озды.
«Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы – академик Камал Ормантаев өмірден озды», – деді ұлы Жарас Ормантаев.
Камал Саруарұлы 1936 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицина саласындағы жолын бастады. 1968 жылы осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, бұл қазақстандық балалар хирургиясының ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады.
Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Өзінің айрықша еңбек жолында ол 20 000-ға жуық күрделі операция жасап, мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды. Оның еңбегінің арқасында 1 500-ден астам дәрігер дайындалып, олардың көпшілігі Қазақстанда ғана емес, шетелде де жетекші маман атанды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!