Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар арасында қызылша жұқтырғандар көбейді

03.02.2026, 10:50 42


Ақтөбе облысында бір айда 88 адамнан қызылша дерегі анықталды. Оның көбі – бала. 

Бұл туралы kazinform cайты хабарлайды, деп жазады halyqline.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында былтыр бар болғаны 32 адам қызылша жұқтырып, ем қабылдады. Ал биыл қаңтар айында вирус жұқтырғандар саны 2,6 есе артты. Барлығы 108 адам ауырғанын айтып, дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 88-не қызылша диагнозы қойылды.

– Ақтөбе қаласында 77, Алға мен Темір аудандарында 2, Қобда, Мәртөк, Шалқар аудандарында 1, Мұғалжар ауданында 4 жағдай тіркелді. Олардың ішінде жасқа толмаған 17 нәресте бар. Сонымен бірге 1-4 жас аралығындағы 57 бала да жұқтырып, ем қабылдады. Ересектер мен жасөспірімдер де вирус жұқтырып жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Аяғанова.

Оның айтуынша, қызылша жұқтырған науқастың жан-жағындағы адамдар 21 күн бойы бақылауда болады. Егер олар вакцина қабылдамаса, иммундауға жатады.

Фото: iStock

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: