Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асқабақ жасаруға көмектесе ме?

26.01.2024, 9:25 200

HALYQLINE.KZ

Бастапқыда тек Орталық Америкада өскен асқабақ енді әлемнің барлық аймағында өсіріледі. Сол секілді Қазақстанда да түрлі тағамға қосылады. Оның пайдалылығы соншалық, балалар диетасында қолдануға болады. Дәнектерінен жоғары бағаланатын, емдік қасиеті бар май дайындайды.

Ол – Орталық Американың ең көне көкөнісі. Отанына айналған Мексика мемлекетінде б.з.д. 5000 жылдықтан бастап өсіріле бастаған. Археолог мамандар оны Перуде жүгері өсірілмей тұрып пайда болғандығын айтады.

Америкалық үндістер асқабақты тамаққа қосып, ал қажетсіз бөлігінен ыдыс жасаған екен.

Жабайы асқабақтарды Вавилов экспедициясы 1926 жылы Солтүстік Африкадан тапқан. «Алғашқы асқабақтар Африкада өсірілген» деген гипотеза осыдан шыққан.

Оны сорпа, пирог, гарнир және десерт жасау үшін тұтынады.

Дүкеннен қабығында дағы жоқ түрін таңдаған дұрыс.

Асқабақты жертөледе сақтаған жөн. Ауа температурасы +15°С төмен, +2°С жоғары болуы керек. Ұрығы бір-біріне тимей, күн сәулесі тікелей түспейтін жерде ұзақ сақталады.

Асқабақ артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ол зат алмасуды реттеп, өтті айдайды. Ал, құрамындағы Т дәрумені асқазанның жұмысын майды жылдам қорыту арқылы жеңілдетеді.

Асқабақтың 100 грамында 25 ккал ғана бар.

Асқабақтың адам ағзасына тигізер пайдасы күнделікті тұтынатын алмадан да асып түседі. Оның құрамына Т дәруменінен өзге А, В, С, D сынды дәрумендер мен фолий қышқылы бар. Және калий, кальций, магний, фосфор сынды макро, йод, күкірт, фтор, темір сынды микроэлементтер бар. Ішінде ең көп кездесетіні – темір.

Оның құрамындағы калий қан тамырлар жүйесінің жұмысын жеңілдетіп, жүректің саулығын қамтамасыз етеді.

Құрамындағы жасұнығы ішектің жұмысын жақсартады. Ал, пектин ағзадағы боқат пен уытты тазалайды.

Құрамындағы Е дәрумені әжімдерді жазып, жасаруға септігін тигізеді. Ал, асқабақ дәні ағзаны маймен, ақуызбен және минералды тұздармен қамтамасыз етеді.

Жоғарыдағы тізімді афродизика сынды қасиеті толықтырады. Осы қасиетіне сәйкес, оның иісі ер адамдардың қан айналым жүйесінің жұмысын 40%-ға жақсартады.

Ал, ер адамдардың ағзасындағы тестостерон деңгейін тамаққа қосылған дәнегіндегі мырыш жақсартады.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: