Ақтаудағы ерікті жастар қолдан тігілген медициналық масканы тұрғындарға тегін таратпақ, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімдігінің Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының директоры Дәулет Сағынтаевтың айтуынша, қалада маска тапшылығының алдын алу үшін еріктілер өз еркімен маска тігуді қолға алды.
«Әзірге тігін шеберханаларымен байланыс орнатпадық. Сондықтан күніне 150-200 шақты маска тігеміз және оны халыққа тегін таратамыз», – дейді ол.
Мұнан бөлек қаладағы тігінші кәсіпкерлер де маска тігуге ниет білдіріп отыр. Бұл жөнінде Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Таңсұлу Жакешова айтты.
«Бүгінде 8 кәсіпкер медициналық маска тігуде. Қала дәріханаларына 200-ден аса маска тапсырды. Сонымен қатар, аймаққа есімі белгілі кәсіпкерлер де осы бағытта жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді», – дейді Таңсұлу Жакешова.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!