Бүгінде аймағымызда 3 мыңға жуық дәрігер және 11 мың орта буынды медицина маманы халық игілігі үшін еңбек етуде. Ауылдық жерлердегі кадр тапшылығы бір жыл ішінде 11%-ға төмендеді.
2020 жылдан бері 99 жас маманға 500 АЕК көлемінде көтермеақы берілді. 2024–2025 жылдары ауылға барған дәрігерлерге 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы төленді.
Облыс әкімінің грантымен 105 резидент даярлануда, ал 2025 жылы тағы 29 маман қызметке кіріседі.Бұл шаралар алдағы 2–3 жылда өңірді толық дәрігерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2025 жылы 41 медицина қызметкері Германия, Ресей, Литва және Беларусь елдерінде біліктілігін арттыруда. Жергілікті деңгейде де 745 маманның кәсіби деңгейі көтерілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!