Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Анаға саулық – балаға қамқорлық

04.12.2020, 13:00 715

HALYQLINE.KZ

Ана денсаулығы – ұлт саулығы. Қоғам дамуында ана мен сәби өмірі үлкен жауапкершілікті талап ететіні түсінікті жайт. Бүгінде ана мен бала денсаулығы Қазақстандағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы ретте, Қызылорда облысы бойынша «Жастар денсаулығы орталығы» мемлекеттік мекемесі мен Заңды тұлғалар бірлестігі «СӨСҚ мамандарының ассоциациясы» ЖШС-нің тапсырысымен «Мінез-құлық факторларының алдын алу» әлеуметтік жобасы аясында облыс көлемінде емдеу, алдын алу мекемелерінің «Жас аналар» мектебінде 18-29 жастағы аналар арасында «Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!» тақырыбында оқу семинарлары өткізілді. Семинар барысында жас аналарға төмендегі тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

1. Жүктілік кезінде ағзада болатын өзгерістер?

2. Түсік тастаудың ана ағзасына зияндылығы қандай?

3. Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің маңыздылығы.

4. Отбасын жоспарлау дегеніміз не?

5. Жаңа туған сәбидің күтімі қандай?

З.Абдирова,

валеолог

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: