Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ана мен бала» орталығындағы жаңашылдықтарды көрді

26.01.2025, 16:00 67

Кеше аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов облыстық перинаталдық орталыққа барып, ана мен бала күтiмiндегі, медициналық қызмет көрсетудегі жетістіктерді, жаңадан алынған аппараттарды көрді.

Орталықтың бас дәрігерi Олег Ким жұмыс тиімділігін арттыру бағытындағы бастамаларды атап өтті.

Айта кету керек, өткен жылы орталықтың материалдық- техникалық базасын нығайтуда 283 млн.теңгеге 1 УДЗ аппараты, 2 өкпені жасанды желдету, 1 анестезиялық-тыныс алу аппараты, 3 операциялық шам, медициналық техникалар және «Voluson E10» эксперт класты медициналық- ультрадыбыстық зерттеу аппараты алынған. Сондай-ақ, мекемеге 49,0 млн.теңгенің 2 санитарлық автокөлігі берілді.

Тағы бiр айта кетерлiгi, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жылы облыстық перинаталдық орталық мамандары Мәскеу және Стамбул қалаларында тағылымдамадан өтті.

«Неонатальды хирургия» және «Госпитальды фармация» бөлімдері ашылып, «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды.

Орталықтағы жаңашылдықтармен танысқан Данияр Еренғалиұлы ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға сәттiлiк тiледi.

Жаңадан іске қосылған аппараттар мен қолға алынған бастамалар пациенттердің медициналық қызметке қолжетімділігін айтарлықтай жақсартатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: