HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы арнайы іссапармен облыстық перинаталдық орталығына жұмыс сапарымен келген болатын.
Ұлттық комиссия құрамына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов және облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Ким Олег Вячеславович орталықтағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жаңа туған нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия және босану бөлімінің жұмысымен таныстырды.
Аталмыш бөлімшеде өте қиын жағдайдағы және аса назар аударуды талап ететін нәрестелер, сондай-ақ салмағы 500 грамм және одан жоғары балалар түседі. Ал босану бөлімі 2 блоктан тұрады (А және Б). Босану санын есепке ала отырып, бүгінгі таңда 22 жеке босану бөлмелері қызмет көрсетуде. Әр босану бөлмелері таза, жарық, жылы және үй жағдайда жақын ұйымдастырылған. Бөлме температурасы көрсеткіші 25, 28 градус төмен болмайды. Босанушы әйелге шұғыл көмек керек болған жағдайда да көмек бұрышы дайындалған.
Сонымен қатар, сала мамандарымен Қызылорда облысындағы акушерлік және неонаталды көмек жұмысын дамыту мақсатындағы жұмыстар жеткiзiлдi.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!