Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алқа мәжілісі болып өтті

05.10.2025, 8:20 166

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мәжіліс залында облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлының төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысына арналған Алқа мәжілісі болып өтті.  

 2025 жылдың III тоқсанын қорытындылау жиынында бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалының жұмысы талқыланып, сонымен қатар тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық тұрақты ахуалын сақтау, денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері мен әдістемелік қолдау нәтижелері назарға алынды. Тақырыптар негізінде жауапты мамандар баяндамалар жасап, жиынға қатысушылар ой бөлісті. 

Алқа отырысын аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы қорытындылап, медицина ұйымдарының басшыларына нақты тапсырмаларын жүктеді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы мекемеге қарасты «Клиникалық фармакология және госпитальды фармация бөлімінің» салтанатты ашылуы рәсіміне қатысып, күрделі жөндеуден кейінгi жаңарған бөлімшелерді аралады.

 Өткен жылдың наурыз айында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Бүгінде құрылыс толықтай аяқталуға жақын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: