Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыда пойызда 50-ден аса адам уланып қалды

11.12.2025, 17:00 69

HALYQLINE.KZ

Пойызда табиғи газдан уланып, зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы барған.

Ведомствоның мәліметінше, барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Зардап шеккендердің бәрі қажетті медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың қабылдау бөліміне жеткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары түрлі бөлімде жатыр.

Қалған науқастар тексеру нәтижесінде медициналық көмек алып, тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді.

«Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді», — деп толықтырды ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚТЖ улану дерегі тіркелген пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға тиесілі емес екенін, жеке тасымалдаушыға қарасты екенін хабарлаған болатын. Компанияның мәліметінше, вагондар түсірілім үшін киностудияға берілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаға қатысты әзірге түсінік берген жоқ. Оқиғаның мән-жайы белгісіз.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: